«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сәйкес 2016 жылдың 16 қарашасында Ақтөбе қаласы №28 орта мектеп базасында  мониторинг және талдау бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық(қалалық) ББ әдіскерлері мен білім беру ұйымдарындағы мектеп директорының орынбасарларына арналған “Мұғалімнің жеке кәсіби дамуының мониторингі»  тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Облыс педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын бағалау және оқу жетістіктерін дамыту жағдайында мониторингтік зерттеу жұмыстарын жетілдіру.

Семинар барысында оқу жетістіктері мониторингісін  жүргізу және құру, олардың нәтижелерінде жаңа әдіс-тәсілдер мен шынайы мысалдар пайдалану туралы өзекті мәселелер талқыланды. Cонымен қатар, мониторингтік зерттеу жұмыстары бойынша диагностикалық инструментарийлер туралы айтылды. Семинарға қатысушылар Шалқар ауданы, №5 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Д. Қалидың, Хромтау ауданы, №4 орта мектеп директоры орынбасары М.К.Нугыманова, Ақтөбе қаласы, №25 орта мектебінің мұғалімі И.В.Исаева, Ақтөбе қаласы, №28 мектеп директоры А.А.Баймагамбетованың іс-тәжірибелеріне қызығушылықтары артты. 

 Семинар білім сапасын бағалау жүйесінде мониторингтің рөлі және оның нәтижесінде жаңа әдіс-тәсілдер мен шынайы мысалдар пайдалану жөнінде көп көмегін тигізді. Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар, өз тәжірибесінде қолдануға үлестірмелі материалдар таратылды. 

Cеминарға белсене атсалысқан  қатысушылар «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының алғыс хаттарымен марапатталды. Семинар соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп мектептегі мұғалімдердің жұмысының жүйелі және кәсіби деңгейінің дамуына мониторингтің тиімді екенін айтып, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындарын баса айтты.

Халетова Д.К.,

мониторинг және талдау бөлімінің бастығы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.