«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ағымдағы жылдың 18-қарашасында «Мұғалімнің кәсіби дамуы - білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбымен қазақ тілі пәні мұғалімдері арасында  семинар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыруда қазақ тілі  пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту жолдарын қарастыру және  бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған педагогикалық идеяларды жетілдіру. Семинар жұмысы «Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім мазмұнын жаңарту негізі» және «Жаңартылған білім беру бағдарламасын ендіру: мәселелер мен болашағы»  бағытында   жүргізілді.

Теориялық білімді игерип қана қоймай, тәжірибемен ұштастырып, семинар барысында спиральді білім беру бағдарламасы, тиімді оқу және оқыту, белсенді оқу, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру, сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту бойынша   (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), оқу және оқыту үшін критериалды бағалау, белсенді оқудың стратегияларымен жұмыстар жүргізіліп,  орындалған тапсырмалар мақсатқа  жетуге  көзделді.

Семинар қорытындысында тіл мамандары курс аясындағы игерген тәжірибеге сүйене отырып, оқытудың белсенді әдістерін тәжірибеде пайдаланудың негізінде педагогикалық шеберлікті жетілдіру мен ынтымақтастықты нығайтуда  бір шешімге келді.   Нәтижесінде  педагогтер арасында әдістемелік ұсыныстар қабылданып институт сайтына, «Қазақстан-Ақтөбе» жергілікті арнасына семинар туралы  бейнеролик және  ақпарат жарияланды.

 

 

  Г.Қ.Жапақова,

«Өрлеу БАҰО» АҚ Филиалы   Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБАИ

кафедрасының  аға оқытушысы, г.ғ. магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.