2016 жылдың 21 қарашасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында Республикалық «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында «Қоғамда, отбасында және мектепте зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықсыздықтың  принциптері» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның    назарын аудару, балаларға қоғамда отбасында және мектепте  қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру.

Семинарға Ақтөбе облыстық прокуратурасының, облыстық білім басқармасының, ішкі істер Департаменті жергілікті полиция қызметінің,  облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және                                                              олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының, облыс әкімідігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, Ақтөбе облысының  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің, Ақтөбе қаласының әйелдерін зорлық-зомбылықтан қолдау орталығының мамандары мен басшылары, институттың профессорлық-оқытцшылық құрамы, мектеп психологтары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері және жалпы білім беретін  қала,  аудан мектептерінің  мұғалімдері  қатысты.

Семинарға қатысушылар  балаларға қоғамда  және отбасында көрсетілетін зорлық-зомбылықтарды  жою  туралы жан-жақты  талқылады.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар өткізілген шараның маңыздылығын атап өтті және зорлық-зомбылықтың алдын,  алу түзету негізінде ең тиімді шараларды қабылдау  қажеттілігіне  назар аударды. Барлық жауапты адамдардың кәсіби ,тұлғалық және мәдени ресурстарын   қоғамда,  отбасында және мектепте зорлық-зомбылықтың алдын алуға жұмылдырылу қажет деп ой қорытты. Семинар жұмысы облыстың педагогтар қауымына арналған  үндеуді қабылдаумен   аяқталды.  бастауыш класс мұғалімдері  дайындаған «» , атты әні орындал  

Институт тренері Токбасова Айжан Серикбаевнаның  ұйымдастыруымен дайындалған «Әлем балалар көзімен» атты бастауыш класс мұғалімдерінің асыл тілектері «Жүректен жүрекке» әнімен ұласты.  Семинар өз мақсатына жетті.

Абулхайрова Г.Е.,

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз

 ету бөлімінің жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.