Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында 2016 жылдың 22 қарашасы күні «Тәуелсіздік – ұлт рухы» тақырыбында   облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: «Мәнгілік Ел» Ұлттық идеясымен құндылықтары аясында  облыс педагогтарының  патриоттық , рухани-мәдени  дамуына ықпал ету.

Конференция жұмысына қатысу үшін Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметерлерінен  100-ден астам баяндама қабылданды.  Шараға «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, «Өрлеу БАҰО» АҚФ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтының профессорлық-оқытушылық  құрамы, Актөбе қаласының  облыстық мұражайының  ғылыми қызметкерлері, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдері және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары  белсенділікпен  қатысты.

Пленарлық отырыс барысында «Мәнгілік  Ел» Ұлттық идеясымен құндылықтары аясында  облыс педагогтарының болашақтағы қызметінің  бағыттары анықталды және оқушылардың жоғары әлеуметтік белсенділігін арттыру   үшін  рухани-адамгершілігі, әлеуметтік маңызы зор патриоттық тәрбиені қалыптастыру  мәселелері  талқыланды.  Конференция  мынандай негізгі  бағыттар бойынша өз жұмысын жүргізді:

1.Қазақстан тарихы пәнін оқытуда «Мәңгілік Ел» идеясын пайдаланудың тиімді жолдары.

2.Қазіргі заманғы білім беру  саласының өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі даму стратегиясы.

3.Кәсіби педагогтың дамуы: дәстүрлер мен өзгерістер (орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында).

Облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланған тақырыптар Тәуелсіздік  идеяларының  жоғары  маңыздылығын, Тәуелсіздікті сақтау үшін  күш-жігерді  аянбай  жұмсау қажеттілігін  көрсетті.  

Педагогтер қауымына бүгінгі  таңда өскелең ұрпақтың бойына елжандылық  құндылықтарды  қалыптастыруда  үлкен жауапкершілік артылып отыр.  Конференция  қорытындысында шараның маңыздылығына тоқтала отырып, жас педагогтар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдастары  облыстың педагогикалық   қауымына өздерінің    Тәуелсіз мемлекетте дүниеге келгеніне деген   шынайы мақтаныш сезімдерін, Отан  алдындағы  борышын адал қызмет ету арқылы ақтайтындықтарын  жеткізді.  

Конференцияның жұмысы ұсыныстар қабылдап, қатысушыларды  сертификаттармен марапаттаумен аяқталды.


 

Абулхайрова Г.Е.,

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз

ету бөлімінің жетекші маманы


Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.