Бүгінгі таңда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесі басты назарда тұр. Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында дербес мемлекетімізде білімнің маңызыдылығы жоғары бағаланып, барынша қолдау көрсетілуде. Әрине, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелен ұрпақты тәрбиелеу мүмкін еместігі бәріне мәлім.

Елімізде орта білім беру мазмұны жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Мұғалімдерді жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға дайындау мақсатын көздеген бастауыш сынып  мұғалімдеріне арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша  ПҚБАИ базасында  2016 жылдың 24 қазаны мен 11 қараша аралығында  курс өткізілді.   

Біліктілікті арттыру курсының басты  мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу; мұғалімдерге білім беру бағдарламасының мазмұны өзгертілгенін ұғындыру; жаңа оқыту әдіс-тәсілдерінің қажеттілігін түсіндіру болып табылады.

Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам­гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім беру­дегі жаңа және нақты жағдайға икемдеуге негізделді. 

Курстың маңыздылығы тыңдаушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесі жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы, үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы  коммуникативтік  дағдыларын дамытуға (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) аса назар аударылып отырдық.

Жаңа мазмұнды білімнің тиімділігін түсінген тыңдаушылар жаңалықты жақсы қабылдады. Курс барысында оларда теориялық білімдері практикамен ұштаса отырып, білім беру жүйесіне жаңаша көзқарас қалыптасқаны айқын байқалды. Мұғалімдер игерген жаңа мазмұнды бағдарламадан алған әсерімен ой бөлісті.

Шаштыгарина Сарагүл Мұстафақызы,

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім»

кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.