2016 жылдың 25 қарашасында «Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен Мәртөк ауданы №2 орта мектеп-гимназиясы базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу процесін жобалау» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикумның мақсаты мен міндеті – мұғалімдерге жаңартылған білім беру  мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірибені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру. Семинар-практикум аясында қазақ және орыс тілдерінде үш секция жұмыс жасады.

Алғашқы секцияда жаңартылған білім мазмұны негізінде білім беру міндеттерін шешуге бағытталған оқытудың технологиялары мен тәсілдерін қолданудың тәжірибесі ұсынылды.

Екінші секция жұмысы оқу процесінде балалардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тәсілдері мен педагогикалық міндеттерін талқылауға негізделді. Оқушылардың танымдық қызметін белсендіру, шығармашылық қабілетті дамытудағы мақсатты бағыттары сарапқа салынды.

Үшінші секция барысында білім беру процесіндегі критериалды бағалау жүйесін енгізу, тұлғалық жетістіктерді бағалау мен өзіндік бағалау тәсілдері көрсетілді. Семинар-практикум соңында педагогтар оқу процесін жобалауда белсенді оқыту стратегияларын қолдану бағыттарын зерделеп, білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығын критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру қажеттілігін атап көрсетті.

 

Андирова В.Т.,

«Өрлеу БАҰО» АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.