«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтының ұйымдастыруымен  «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында жалпы білім беру пәндері оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі» тақырыбындағы курс аясында Ақтөбе  өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің базасында жалпы білім беру пәндері оқытушыларына арналған облыстық семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: Жастардың бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастырудағы бүгінгі  кәсіби білім беру саласының жаңа талаптарына сай білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, әлеуметтік серіктестердің олардың кәсіби дағдыларды шыңдауда  инновациялық технологияларды пайдалану,кәсіби бейімділігін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін арттырудағы іс-тәжірибелерін  оқып-үйрену.  Семинарда колледждің  жалпы  білім беру пәндері оқытушылары  (М.Айжарикова -физика пәні оқытушысы, Г.Е.Саекешова- география пәні оқытушысы және Ж.Е.Кенджебаева, Д.А. Садыкова арнайы пән оқытушылары) жалпы білім беру пәндері мен  арнайы пән бойынша кіріктірілген сабақта сын тұрғысынан ойлау стратегиларын, білімін шығармашылықпен пайдалану , зерттеушілік дағдыларын, АКТ-ны  тиімді пайдалану , коммуникативтік дағдыларды   қалыптастыру жолдарын табысты жүзеге асыру үшін  белсенді  және  командалық оқыту,  пәндік  кіріктірілген  оқытудың  озық  педагогикалық әдістерін қолданды.  Семинар соңы рефлексиямен  қорытындыланды.

 

  Г.Е.Абулхайрова

Инновациялық дамуды әдістемелік

 қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.