2016 жылдың 30 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» «Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған» тақырыбындағы курс аясында «Ағылшын тілін үйрену мотивациясын дамыту арқылы көптілді тұлғаны  қалыптастыру» атты облыстық  әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты: ағылшын тілін үйрену мотивациясын арттыру үшін көптілді тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде жаңа технологияларды пайдалану

Семинардың жұмысы үш секция бойынша жүргізілді. Бірінші секцияда  педагогикалық практикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен тәсілдерді қолдану тәжірибесі ұсынылды.

Екінші секциясында белсенді оқыту стратегиясы және оларды оқу үрдісіне қолдануы қарастырылды. Секция жұмысында белсенді оқытудың бағыттары, оқушы сыни ойлауға бағыттайды.  

Үшінші секцияда білім беру процесінде критериалды бағалауды қолдануы дескрипторларды әзірлеу, оқу процесінде тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін кері байланысты қолдану  түрлері көрсетілді.

Рефлексия кезінде педагогтар өз ойларын ортаға салды. Семинар соңында "Ашық микрофон"жарияланды.

Әдістемелік семинар мақсатына жетті, ағылшын тілі мұғалімдері белсенді оқыту стратегияларын қолдануы мен критериалды бағалаудың жүйесін енгізудің қазіргі заманғы халықаралық білім берудін талабы болып табылады.

 

Айпеисова Айсауле Куанышевна,

мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық

кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасының аға оқытушы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.