8 желтоқсанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «ҚР білім беру мазмұнын жаңарту аясында тілдерді деңгейлеп оқытуды меңгерту бойынша мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Егемендік алған жылдардан бастап елдің өркендеу, даму кезеңдеріндегі толағай табыстарына арқау болған тәуелсіздікті құндылық ретінде танып, оны қастерлеу туралы пікірталас ұйымдастыру. Халықтың әл-ауқатының жылдан-жылға дамуы мен ішкі-сыртқы саясаттағы болып жатқан жаңалықтардың барлығы азаттықтың арқасында екені туралы пікір алмасу. Тәуелсіз Қазақстанның мәдени жетістіктерін саралау.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің ұшқыр ойымен бөлісіп отырды. Мерекелік шара жылы лебіздермен, құнды пікірлермен әсерлі өтті. Сонымен қатар, мұғалімдердің шеберлігіне қарай өз туындыларын оқыды.  

Уразымбетова А.Б.,

кафедраның аға оқытушысы, доцент, ғ.к. 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.