«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» 2016 жылдың 8-желтоқсан жұлдызында кафедра аға оқытушысы, п.ғ.м. А.С.Сугурбаева Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбындағы идеялар панорамасын облыстың тіл мамандарымен өткізді. Шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының міндетін атқарушысы, ф.ғ.к. Н.М.Абишева: «2016 жыл – әрбір қазақстандықтардың өміріндегі ең маңызды кезең, себебі біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толғандығының куәсіміз»,-деген алғы сөзбен ашты.   

Мақсаты: педагогтарға «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты саяси Жолдауды насихаттауда қазақстандық патриотизмді, азаматтық ұстанымды және ұлттық құндылықтарды сақтауды қалыптастыруға ықпал ету.

Идеялар панорамасында тіл мамандары: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің сарабдал саясатының негізінде Тәуелсіз Қазақстанның барлық салаларында толағай табыстарға кенеліп жатыр. Қазақ елі заманауи бағытта өркендеп, өсуде»,-деген ойларын ортаға салып, ел жетістігі туралы белсенді көзқарастарын айтты.

Шараның қорытындысы «Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі.»,- деген Елбасы Н.Назарбаевтің сөзімен түйінделіп, бейнебаян көрсетілді.  

Сугурбаева А.С.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ»

кафедра аға оқытушысы, п.ғ.м.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.