«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016 жылдың 8-ші желтоқсан күні «Рауан» жеке тұлғаны дамыту Орталығының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы қысқамерзімді біліктілікті арттыру курс аясында облыстың мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымда заманауи технологияларын қолдану» атты семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикум мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің балаларды дамытуға деген алуан түрлі интегративті амалдарды кең таңдауға, педагогикалық үдерістерді жобалауға, Қазақстан Республикасының жаңа МДББМБС және мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа үлгілік бағдарламасын енгізу жағдайындағы тұрақты кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға, бейімделе алу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау мектепте дейінгі білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыруды, педагогикалық қызметті құрылымдауды, даму ортасын ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз ететін, бала тұлғасын дамытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану бойынша отандық және шетелдік ең үздік үлгілерді зерделеу арқылы тәрбиешілердің кәсіптік құзыреттілігін жетілдіру қажеттілігін қарастырады.   

 

Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.