8 желтоқсан 2016 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ“ ұйымдастырған  экспериментатор-мұғалімдерге арналған: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға №57 мектептің экспериментатор-мұғалімдері  қатысты. 

Семинардың модераторы қызметін Муканова Г.У.-  “Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»“ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі атқарды.

Семинар мақсаты педагогтардың қалыптасқан кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде әдістемелік қолдау көрсету, мұғалімдердің инновациялық жұмыс тәжірибесін кеңейту барысында әдістемелік жүйені өңдеп, практика жүзінде қолдануға ықпал ету болды.

Семинар барысында мектеп директоры Досжанова М.Б. және математика пәнінің мұғалімі Мухамбетова Г.Е.  «Әркім әркімді оқытады» әдісін қолданып, «Коммуникативті құзыреттілік қазіргі педагогтың кәсіби құндылығы»  тақырыбында психолого-педагогикалық тренинг өткізді. Семинарға қатысушылар педагогтың тиімді кәсіби қызметіндегі коммуникативтік құзыреттіліктің ролі және құрылымымен танысты. Кафедраның аға оқытушысы  Муканова Г.У. «Педагогтың кәсіби инновациялық құзіреттілігі – жаңартылған білім беру үдерісінің маңызды құраушысы» тақырыбында шебер-сынып көрсетті, онда  Морозова Т.В. әдістемесі бойынша мұғалімдер эксперимент жүргізу барысындағы өздерінің деңгейіне баға берді. 

Жубангарина А. Б. және Мухамбетова Г.Е «Жаңартылған бағдарлама аясында мектеп мұғалімдерінің құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында коучинг өткізді. Семинарға қатысушылар педагогтың құзыреттілігін көтеру мақсатында  сыни ойлауды қолдану дағдылары мен білімдерін бекітті.

Экспериментаторлар Абдрахманова Э.Б. және Тогжанова Ж.К. «Педагогтардың қалыптасқан кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіш деңгейіне сипаттама» тақырыбында ақпараттық-аналитикалық шолу жасады, педагогтың инновациялық құзыреттілігін дамыту бойынша негізгі бағыттармен  таныстырды.

Семинарға қатысушылар белсенді талдау жасай отырып, педагогтың қалыптасқан кәсіби инновациялық құзыреттілігінің көрсеткіш деңгейінің  картасының сипаттамасын жасады, тәжірибелік-экспериментальдық жұмысты жүргізуге  және педагогтардың кәсіби инновациялық құзыреттілігін көтеруге жүйелі көзқарас ұсынды. 

Кафедраның аға оқытушысы Сугурбаева А.С. өткізген «SWOT» әдісі бойынша рефлексия эксперименттің «Басымдылық-Әлсіздік-Мүмкіндіктер-Қауіп» әдісімен  басымдылықтарын, әлсіз тұстарын, мүмкіндіктерін, қауіпті тұстарын анықтады, нәтижесінде  мұғалім-экспериментаторлар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының әдістемелік қолдау көрсетуін жоғары бағалағаны байқалды.   Семинардың қорытындысы бойынша мұғалімдер ақпараттық-әдістемелік материалдар құжаттарының пакеті мен инновациялық құзыреттілікті қалыптастыруды жалғастыру бойынша нұсқауларды алды.

Семинар белсенділік көрсеткен экспериментатор-мұғалімдерді Алғыс хаттармен марапаттаумен аяқталды.

  

 

Муканова Г.У.,

жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымының магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.