2016 жылы 8 желтоқсанында «Өрлеу БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПКБАИ ұйымдастыруымен Мәртөк ауданы №4 орта мектебінде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Жаңартылған бағдарлама – табысты болашақ кепілі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

Мақсаты: жаңартылған бағдарламаның ғылыми-әдістемелік негіздерін зерделеу, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, педагогтардың кәсіби құзырлылық  деңгейін жетілдіру.

Ғылыми-тәжірибелік семинардың теориялық бөлімінде кафедраның аға оқытушылары п.ғ.к. Сансызбаева К.З. мен Андирова В.Т. «Білім мазмұнын жаңарту – сапаны арттырудың басты шарты» тақырыбында кіріспе баяндама жасады.

Әдістемелік панорама барысында «Тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған қазіргі білім беру технологиялары негізінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша №3 Мәртөк орта мектебінің мұғалімдері Мусина Г.Т., Айниязова А.М.,  Амиршина К.Т.  және Крицкий А.Н. баяндады. Тұлғаның танымдық белсенділігі мен құзыреттілігін қалыптастыру кезеңдері тұралы №4 Мәртөк орта мектебінің мұғалімі   Узакбергенова М.Х. және Саржансай орта мектебінің мұғалімі Ильясова А.Т. атап өтті. 

Жетістік алаңы аясында Жайсаң орта мектебінің  ағылшын тілі пәні мұғалімі Абирова Д.Р. «СLIL тіл мен пәнді кіріктіру» жолдарын таныстырса,   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Бакбергенова К.А, Бисенова А.А., Имангалиева Т.Х. жаңартылған бағдарлама талаптарына сай тиімді сабақты жоспарлау тәжірибесімен бөлісті.

Аққайың орта мектебінің мұғалімі Скороходова Л.В. орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында пәнаралық байланысты нығайтудағы интербелсенді тәсілдерді қолдану  тәжірибесінің таныстырылымын ұсынды.

Семинар «ОНДТ» тәсілі бойынша ұйымдастырылған ұжымдық рефлексиямен қорытыланып, семинар мазмұнын терең талқылауға ықпал етті. Қатысушылар жаңартылған мазмұн жағдайында білім сапасын арттырудың  басым бағыттарын белгіледі. 

 

Сансызбаева К.З., Андирова В.Т.,

«Өрлеу БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша  ПКБАИ 

педагогтардың кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық

дамуын жетелеу  кафедрасының аға оқытушылары

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.