"Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» курсының аясында, 2016 жылдың 8-желтоқсаны күні «Орта білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық идеялары» тақырыбындағы облыстық шығармашылық диалог өтті.

Бастауыш класс пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында өткен шығармашылық диалог барысында  бастауыш класс мұғалімдері бір-біріне тиімді сұрақтар қойып, мәселені шешуде бірлесе жауап берді.

Ақтөбе қаласы  Новый ОМ   экспериментатор мұғалімдері Ж. Б. Хабибуллина мен М. Ш. Қожабек  бастауыш класс пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді тәжірибеде қолдану біліктерін ортаға салды.

«Құндылық», «Дағдылар», «Білім беру салалары», «Инновациялық технологиялар», «Педагогикалық тәсілдер» тобына жұмылдырылған педагогтер  шығармашылық алаңда белсенді  жұмыстанды. 

Қазақстандық патриотизм, құрмет, ынтымақтастық құндылықтары сынды ХХІ ғасыр дағдыларын  оқушы бойына дарыту жолдары, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқытудың белсенді әдістері,    орта білім мазмұнын жаңарту жолындағы инновациялық технологиялар, проблемаларды шешу, бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеуді жүргізу жұмыстары, меңгерілген білімді шығармашылықпен қолдану-шығаршашылық диалогтың мазмұнын аша түсті.

Жұмыс нәтижесінде жаңартылған бағдарлама аясында біліктілігін арттырған облыстың бастауыш сынып  мұғалімдері ортақ  мақсат, бір бағыт, түйінді көзқарасқа жұмылдырылды.   

Шығармашылық диалог соңында педагогтер біліктілікті арттыру институтымен әріптестік байланысты үзбеуге бірауыздан ұсыныс қабылдады. 

К. Ж. Рахатова,

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету

                                              бөлімінің  бастығы  

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.