Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында 2016 жылдың 8 желтоқсан күні «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» тақырыбында   облыстық танымдық кеш өтті.

Шараға «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілі, Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты, республикалық ғылыми- техникалық кітапханасының Ақтөбе қ.филиалы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Хромтау ауданы №6 гимназиясының кітапханасы, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, С.Бәйішев атындағы облыстық  ғылыми – әмбебап кітапханасы,  Ақтөбе қаласы Елек ОМ тарих пәнінің мұғалімдері,  институттың профессорлық-оқытушылық  құрамы  қатысты.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты » директорының м.а. ф.ғ.к. Абишева Нұргүл Молдабаевна барлық қатысушыларды мерекемен құттықтай отыра, мемлекеттің бейбіт  өмір саясаты мен интеллектуалды және экономикалық әлеуеттілігін дамыту  – болашақтың әл-ауқатының  кепілі болмақ екендігіне тоқталды.

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілі Сахиев Ақылбек Мырзажанұлы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясы -Қазақстанның қазіргі және болашақ ұрпақтарын,  егемендік пен Тәуелсіздікті сақтау мен нығайтуға, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ардақтауға және арттыруға шақыратын  маңызды құжат екендігін атап өтті.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатының ғылыми қызметкері Ешмұратова Бақытгүл Жақсымұратқызы  мұрағат қорындағы Ақтөбе облысының тарихына қатысты құжаттар мен  қызықты қолжазбаларды «Тарихи құжаттарды парақтасақ» деген атаумен оқырман назарына ұсынды. Кітап керуені бөлімінде «Тәуелсіздікке тағзым», «Ұлы мақсаттың үлкен мәресі – Мәңгілік Ел», «Тәуелсіздік - бақыт, Мәңгілік ел – мұрат» атты тақырыптарға ұйымдастырылған көрмелер көрсетілді.

Таныстырылымдық көрмелер  еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген жоғары көрсеткіштері - «Қазақстан - 2050» стратегиясы, Елордамыз - Астананың дамуы, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы туралы  мәселелерді қамтыды.

Шақырылған кітапхана қызметкерлері өздерінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына арналған  тәжірибелерімен белсене бөлісті.

Кеш қорытындысы ұсыныстар қабылданып, сертификаттар берілумен аяқталды.

 

Назарбаева Р.К.,

кітапхана маманы

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.