Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай,  9- желтоқсан  күні ҚР Тәуелсіздік  күнін мерекелеу аясында «25 жұлдызды күн» акциясына орай Елек орта мектебімен  «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  «Мұғалім-оқушы-ата-ана» ынтымақтастығы»  тақырыбында бірлескен семинар-практикум ұйымдастырды. «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау, сынып пен мұғалім, мұғалім мен оқушы, педагог пен ата-ана арасындағы  қарым–қатынасты дамытуға, жетістікке жетуде  бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау үшін отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешуге бағытталған   маңызды басқосу  үштік одақтың  ынтымақтастығын одан әрі нығайта  түсті. Қазіргі таңдағы  білім берудің барлық сатысында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын негізге ала отырып, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтары мен патриоттық сезімге тәрбиелеу бағдарламалары да назардан тыс қалмады. Соның негізінде  мектептің оқушылары, мұғалімдері және ата-аналары «Қазақстан – Мәңгілік Ел» видеоролигі аясында «Бақытты отбасы-бақытты ел – Қазақстан   ұстаздары» туралы  идея таңдаудан басталып, оны шынайылыққа айналдыруға дейінгі өз тәжірибелерімен бөлісті. Одан әрі, «Бірге шешейік! Өмірдегі жағдаят» қоғамда  кездесетін «мұғалім-оқушы-ата-ана» арасындағы қарым-қатынас  оларды тиімді ұйымдастыру мен шешу жолдарына  бірлескен зерттеу жүргізу нәтижесінде өз көзқарастарын бір арнаға тоғыстырып, рөльдік ойындар арқылы жеткізді. «Мәңгілік Ел» - отбасы тәрбиесінің мызғымас іргетасы» ұстанымының негізінде   «Менің елім-мәңгілік Ел», «Креативті мұғалім», «Заманауи отбасы», «Еркін жол»  Жобасын топ болып  шығармашылықпен орындады.  Семинар қорытындысында құрметті мұғалімге, аяулы ата-анаға, қымбатты оқушыға «жадынама» үлестірілді. Айтулы шара  көңілді ынтымақтастық флешмобымен аяқталды.       

 

 Г.Жапақова,

аға оқытушы, г.ғ. магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.