12 желтоқсан 2016 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ“ ұйымдастырған «ЭКСПО-жасыл технология» тақырыбындағы семинар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл қарсаңында өтіп, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Семинар өткізудегі мақсат жоспарланып отырған халықаралық мамандандырылған «Болашақ энергиясы»  көрмесі, альтернативті электр көздерін дамыту туралы түсінік беру болды.

Институт директорының міндетін атқарушы, ф.ғ.к. Абишева Н.М. семинарға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде "Экспо 2017"  көрмесін өткізу маңыздылығы, оның Қазақстанның  халықаралық көрме және ақпараттық-жобалық орталық ретінде қалыптасуындағы негізгі қадам екенін айтты.

Семинар модераторы кафедраның аға оқытушысы Муканова Г.У.  халықаралық мамандандырылған  "ЭКСПО"  көрмесіне әлемнің 100 елі мен 10 халықаралық ұйымдары қатысатынын хабарлады.  Көрмеде  әлем елдерінің ғылым мен техникадағы жаңалықтары, даму болашағы, тарихы, дәстүрлері, мәдениеті демонстрацияланады. Көрмені өткізу нәтижесі болып халықаралық, экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейту табылады.

Семинарға қатысушылар  «ASTANA  EXPO -2017» пайдасы мен мүмкіндіктерін белсенді талдады. Олар еліміздің имиджі мен экономикалық жағдайын  көтеру үшін  туристерді тарту,  индустриальды саясат аясында жаңа объектілерді енгізу, жаңа жұмыс орындарын тарту маңызды деді.  Барлық әлем Қазақстан және оның дәстүрлері туралы білетін болады, ал біз әлемдік ғылымның дамуының бір бөлшегі боламыз.

Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар бұл көрме энергия сақтайтын технологиялар аясын дамыту саласында нағыз сілкініс болады деген қорытындыға келді. Осындай шараны өткізу институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен бөлім қызметкерлерін «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ақпараттандырып, шараның  маңыздылығын түсінуге   бағытталған деді. 

 

 

Муканова Г.У.,

;аңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді

оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.