Денсаулық - әрбір адамның ғана емес, қоғамның да  құнды байлығы.

 Бұл адамның жұмысқа қабілетін анықтайтын және жеке тұлғаның гармониялылығын қамтамасыз ететін бірінші

және маңызды адамның қажеттілігі.

Қазақстанда халықтар  қауіпсіз және оңтайлы  өмір сүруі керек.

Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан Республикасының  Президенті

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту қарсаңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында 2016 жылдың 5-желтоқсан күні «Дені сау ұлт – жетістікке апарар жол» интерактивті тренингі өтті.

Өткізілген шараның мақсаты  -  еліміздің әрбір азаматы өз отанын сүюге, елінің тарихын,  ұлттық мәдениетін құрметтеуге, салауатты өмір сүру үшін денсаулық құндылықтарын дамытуға тәрбиелеу,  спортпен шұғылдануға ықпал ету.

Институт ұжымының мамандарымен өткізілген белсенді тренингтердің басты бағыты - адамның дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтауға,  салауатты өмір сүру салты мен денсаулық құндылықтарын қалыптастыруға негізделді.

Сонымен қатар шарада ұлт тарихын, ел мәдениетін дәріптеуге арналған бейне материалдар қолдану арқылы ақыл-ойды дамытуға арналған және де қазіргі қоғамда заманның сұранысына сай зор табыстарға қол жеткізге бағытталған психологиялық тренингтер де тиімді жүргізілді.

Шараның соңында институт қызметкерлерінің түйінді ой, қорытынды пікірлері тыңдалып, өзара талдаулармен кері байланыс жасалды.

Бухарбаев Б.Х.,

жаңа технологиялар және жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.