Ағымдағы жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Осы мерекеге байланысты елімізде түрлі іс-шаралар өтуде. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ оқытушылары К.З.Сансызбаева, В.Т. Андирова, Г.А.Сеткереева ұйымдастыруымен 2016 жылдың 10 желтоқсанында Мәртөк ауданы №2 орта мектеп-гимназиясы базасында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: тәуелсіз Қазақстан өткен жолын талдау, ұлттық тренд болып табылатын Президенттің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеясын талқылау.

Семинарға қатысушылар әлеуметтік қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талдап, жаһандық дағдарыс кезіндегі жағдайда біздің мемлекетімізде экономиканы жаңарту саясаты дұрыс екенін дәлелдеді.

Семинар барысындағы жан-жақты пікірталаста мемлекет дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілмей тұрған жағдайда Президент ұсынған бағдарламаның халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз екені туралы қорытынды жасалды. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Жұмыспен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес көпдеңгейлі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі құрылған. Әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі елдің дамуының экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен анықталады.

Семинарға қатысушылар әлеуметтік жаңғыртылу мәні ел азаматтарының санасын түбегейлі өзгерту - тұтынушыдан белсенді өмірлік позицияға көшу қажеттілігі туралы тұжырымға келді. Бұл тек қана мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар үшін емес, әрбір қазақстандық азаматтың іс-әрекетінің жетекшілігіне айналуға тиісті.

Семинар соңында қатысушылар мемлекетік әнұранды айтты.

 

 В.Т. Андирова, Г.А.Сеткереева,К.З.Сансызбаева,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ оқытушылары 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.