2016 жылдың 13 желтоқсаны күні «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР Тәуелсіздік  күніне орай  «Заманауи Қазақстанның индустриализациясы» тақырыбымен     семинар өткізілді. Семинар жұмысына институттың профессор-оқытушылар құрамы мен бөлім қызметкерлері қатысты.  Мақсаты: өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік құрылыстар туралы тарихи білімдерді игертуде заманауи талапқа сай тарихи тәжірибені талдау дағдыларын қалыптастыру.

Институт директоры м.а., ф.ғ.к Абишева Н.М. өз сөзінде: қазіргі Қазақстанның индустриализациясына, экономиканың өзекті буыны саналатын өндіріс саласына жаңа леп келіп, еліміздегі отандық өнім өрісінің қарыштап  кеңейгеніне тоқталып өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуының маңызды құжаты – Ұлт жоспары: 100 нақты қадамның «Индустрияландыру және экономикалық өсім» тарауында айтылған бірқатар мәселелер де назардан тыс қалмады.  Модератор, кафедра меңгерушісі Туксанбаев А.М. елімізде жүргізіліп жатқан елеулі өзгерістерге, ел игілігіне жасалынып жатқан мемлекеттік бағдарлама аясындағы кәсіпкерлерді қолдау,  қолжетімді баспана, ауыл шаруашылығын дамыту, білім және денсаулық саласындағы маңызды өзгерістерді кеңінен сөз етті. Сонымен бірге, индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, ең алдымен оның көмір, мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамығандығын мысалдармен дәлелді.

Қолданбалы ғылымды отандық өнеркәсіпті жаңғырту міндеттеріне бағдарлау, генерацияның тиімді жүйесін жасау мен экономикада білімді пайдалану жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуіне бағытталған «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын» табысты іске асыру барысында  Қазақстанды индустрияландыру  механизмнің картасы құрылды.  Аталғандардың барлығы  мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен инфрақұрылымды дамытуда Мәңгілік Елдің тұрақты дамуы мен гүлденуіне жасалған маңызды бастамалар.

 

Туксанбаев А.М.,

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.