Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» облыстың ұзақ жылдар бойы  ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға өз үлесін қосып жүрген ғалымдар мен үздік дәріскерлерді, тәжірибелі педагогтерді марапаттау рәсімін ұйымдастырды.  

Шараны  институт директорының м.а., ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевна  ашып, біліктілікті арттыру жүйесінің курстары  аясында  кәсіби,  жоғары  деңгейде    шығармашылықпен  дәріс оқып,  семинар-тренинг, шебер-класс өткізген барлық дәріскерлерді  құттықтады. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық білім басқармасы және кәсіподақ комитетіне, «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасына ерекше алғысын білдірді.

Директордың орынбасары п.ғ.к. Кибатаева Норслу Казангаповна «Дәріскерлер шеберлік  жолында» баяндамасында филиалдың  білім жетілдіру жолындағы шынайы жетістіктері мен жеткен табыстары,  институттың және  ЖОО-ның профессор-оқытушылық құрамы  дәріскерлерінің  шеберлігіне тығыз байланысты екендігіне тоқталып өтті.   Институттың  Құрмет грамоталарымен, Алғысхаттарымен Ақтөбе қаласының белгілі ғалымдары: философия ғылымдарының докторы, профессор -  Тайжанов Алтай Тайжанович, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор -  Бекназаров Рахым Агибаевич, педагогика ғылымдарының докторы,  профессор  -  Ботагариев Төлеген Амиржанович, филология ғылымдарының докторы, кафедра меңгерушісі  -  Садирова Күлзат Каниевна марапатталды. Келесі марапаттаулар «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының педагог-экперттері, ТжКББ саласының оқытушылары, орта, бастауыш,  мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім-практиктерімен жалғасты. Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғысхаттарымен  ұжымның  қызметкерлері марапатталып, демалыс шипажай орнына  жолдама алды.  

Шара соңы «Отанға арнау» патриоттық әнін музыка колледжінің студенті Амин Ибрахимнің орындауымен және қатысушылардың  естелік суретке түсуімен  аяқталды.  

Жапакова Г.А.,

аға оқытушысы

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.