«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасының аға оқытушысы Кенжегалиева Д.К. 2016 жылдың 3-ші желтоқсан күні «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбындағы қысқамерзімді біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларымен «Бала денсаулығы – ұлт болашағы» атты сұхбат өткізді.

«Денсаулық - зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.

Сұхбат барысында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті, себебі тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі ұйымдарда беріледі. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық - денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. 

 

Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.