Жыл сайын жылды қорытындылау шарасын салтанатты  мерекеге айналдыру  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» берік дәстүріне  енген.  Осыған орай,  «Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына  25 марапат»  атты мерекелік шара ұйымдастырылып, институттың профессор-оқытушылар құрамы мен тренерлері, ұжым қызметкерлері үлкен марапатқа ие болды. 

Шара институт директоры м.а., ф.ғ.к. Абишева Нургуль Молдабаевнаның  құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде облыс педагогтерінің кәсіби потенциалын көтеруде  сүбелі үлесін қосып келе жатырған профессор-оқытушылар құрамының сапалы білім берудегі нәтижелі  еңбегі мен бірлескен ұжымдық жұмысына ерекше тоқталып өтті. 

Мониторингтік  зерттеу қорытындысы мен комиссия  шешімінің негізінде   «Үздік кафедра», «Табысты кафедра»,  «Озат орталық»,  «Үздік тренер», «Ең Үздік  лектор»,   «Ең нәтижелі тренер-оқытушы»   «Үздік куратор», «Үздік бағдарлама»  «Үздік  оқу–әдістемелік кешен»,  «Табысты оқытушы»  «Жаңалық жаршысы», «Нақты болжам»,  «Нәтижелі зерттеу»,  «Бірлескен ізденіс»,  «Шуақты білім  ошағы», «Шебер қол» номинацияларымен  марапатталып, сертификаттарға  ие болды.

Қазақстанның  білім беру  жүйесін жаһандандыру жағдайындағы  ұжымның бірлескен жұмысына,   «Өзін-өзі тану» пәнінің тренерлеріне Сара Алпысқызы Назарбаеваның атынан жолданған құттықтау хаты оқылып,  табыс етілді.   

Сонымен қатар, ұжым қызметкерлеріне облыстық білім басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, республикалық және облыстық кәсіподақ ұйымының  грамоталары табысталды.

«Қар қиыршығын таңдап ал!» интерактивтік тақтаға жасырылынған игі тілектері  мерекелік  шараның көркін  аша түсті.

Шара соңындағы  институт директоры м.а. Абишева Н.М.  2017 жылға еңбек етуге деген талпынысын күшейтетін қанатты сөздері мен жылы лебіздері  ұжымды жаңа талпыныстарға итермеледі.

Мерекелік шара   кәсіподақ  комитеті дайындаған   жаңа жылдық сыйлықтарды таратумен аяқталды. 


Жапакова Г., 

«Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.