2017 жылы қаңтар айының 4-13 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» тренер А.С.Сугурбаеваның жетекшілігімен облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Content and Language Integrated Learning» пәнін және тілдерді кіріктіру әдістемесін меңгеру бойынша қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс тыңдаушыларымен жалпыеуропалық стандартқа сәйкес CLIL  сабақтарында сөйлеу дағдыларын дамыту (CLIL-CEFR), тілді және пәнді кіріктіре оқытудың әдістемесі негізінде оқыту үдерісінің ерекшеліктері мен критерийлері, Б.Блум таксономиясының оқу мақсаттары аясында оқушыларды белсенді оқыту, кіріктірілген сабақтарда сын тұрғысынан ойлауды дамыту, академиялық (CALP - Cognitive Academic Language Proficiency) тілді дамытуға және  коммуникативті тілмен (BICS - Basic Interpersonal Communication Skills) жұмыс жасауға арналған лексикалық жаттығулардың түрлерін құрастыру бағытында дәрістік және практикалық жұмыстар жүргізілді.

Курс аясында Ақтөбе қаласы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында «Тілдерді кіріктіре оқыту: тәжірибе және әдістеме» тақырыптарында облыстық семинар өткізілді. Семинар жұмысында М.Қ.Жантөре, А.Б.Нұрманова, А.Н.Нуртасова, Л.Ә.Сқақ, Г.У.Мамутова сынды білікті пән мұғалімдері бүгінгі күннің жаңашыл, кіріктірілген сабақтарын көрсетті. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық шеберлігін арттыруға негізделген семинар өзара тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік туғызды.

Курстың қорытындысында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталып, мұғалімдер институт ұжымына, курсты жоғары деңгейде ұйымдастырған тренерге өзіндік алғыстарын білдірді.

Сугурбаева А.С.,

каф.аға оқытушысы, п.ғ.м.

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.