2017 жылдың қаңтар айының 23 жұлдызында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» базасында «Мемлекеттік жаңа білім стандарты талаптарына сәйкес химиялық білім беруді модернизациялау» тақырыбында химия, биология мұғалімдерінің курс тыңдаушыларына арналған конференция өткізілді. Конференция жұмысына 56 облыс педагогтары қатысты.

Конференцияның модераторы: Муканова Г.У.- «Өрлеу» БАҰО АҚФ “Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ“ “Жаңа технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»“ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі

Конференция мақсаты: білім беру жүйесін модернизациялау аясында инновациялық технологияларды қолдану, педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету, іс –тәжірибе алмасу болды.

Конференцияның теориялық бөлімінде:

- Ойыл ауданы Жамбыл МББ биология пәні мұғалімі Қошқарова А.О. «Қазақстандағы қазіргі білім берудің негізгі бағыттары»;

-   Темір ауданы Жамбыл МББ химия пәні мұғалімі Мухамбетова Мөлдір Қуатқызы «Білім жүйесін модернизациялау озық дамудың негізгі инновациялық стратегиясы» тақырыптарында сөз алды.  Олар бүгінгі күннің өзекті мәселелері: іс-әрекеттегі зерттеу, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, бағалаудың жаңа формаларын енгізуді қарастырды.

Конференцияның практикалық бөлімінде өздерінің іс-тәжірибелерімен:

- Темір ауданы Құмсай НМ биология пәні мұғалімі Махамбетрзина Р.С. «Нәтижеге бағытталған білім-жаңаша оқыту»;

- Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы №5 ОМ химия, биология пәндерінің мұғалімі Алмаганбетова Ж.К. «Применение методов критического мышления на уроках химии и биологии» тақырыбында бөлісті. Онымен қатар Ақтөбе қаласы №51 МГ химия пәні мұғалімі  Дауылбаева А.М. «Химия, биологиядан білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Шебер-сынып барысында конференцияға қатысушылар  «Идеялар жаңбыры» әдісімен өздерінің идеяларын айтып, оқу үрдісінде оқытудың жаңа формаларын қолдану туралы ойларын ортаға салды.

«Активатор 3/2/1» әдісімен жасалынған рефлексия жүргізілген шара педагогтардың қоржындарын жаңа идеялармен толтыруға көмектескенін, жаңа білім стандарты талаптары туралы түсінік қалыптастырғанын айтса, көптеген мұғалімдер иннациялық іс-тәжірибемен алмасудың жүйелі болуы қажет екенін ұсынды. 

Муканова Г.У.

кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.