2017 жылдың қаңтар айының 16-27 аралығында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» кафедра аға оқытушысы Муканова Г.У. жетекшілігімен «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында химияны (биологияны) оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері» тақырыбындағы базалық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты: МЖБС концептуалды негізінде химиялық (биологиялық) білім беру үрдісінің жобалануы, оқытудың бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздандырылуы, МЖБС талаптарына сәйкес химия, биология пәндері бойынша жаңа ОӘК-ң ерекшеліктері, оқытудың жаңа әдістері туралы түсінік беру.

Курс аясында Ақтөбе қаласы №33 ЖҚОББ мектебі базасында химия-биология пәндерінің тыңдаушыларына курс аясында іс-тәжірибе алмасу мақсатында: «Химия (биология) пәндерін оқыту барысында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға Ақтөбе қаласы және облыстан 56 мұғалім қатысты.

Курстың тыңдаушылары  үшін семинардың практикалық маңызы жоғары болды. Мектептің биология пәні мұғалімі  Әбіреш Қ.Қ. жаңа білім стандарты бойынша оқушылардың дағдыларын дамыту жолдарын Дэвид Колбтың теориясына сүйеніп оқытудың төрт түрін: «белсенділер», «ойшылдар», «теоретиктер» және «прагматиктер».   қолданып оқытумен таныстырса, химия пәні мұғалімі Саркулова Н.Н. жаңа әдіс-тәсілдер, бағалаудың жаңа форматын қолдануды шебер көрсете білді, биология пәні мұғалімі Жумина Г.Н. сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі арқылы оқыту сапасын көтеру жолдарын практикада көрсетті.

Курс аясында мұғалімдерге шағын сабақтарын қорғау кезінде өз білімдерін ортаға салып, бөлісуге мүмкіндік берілді. Олар сыни ойлау стратегияларын қолданып, өздерінің шағын сабақтарын, жобаларын, шебер-сыныптарын көрсетті.

Тыңдаушылар екі апталық курстан оң әсер алғанын, мазмұнының терең болғанын, көптеген мәселелер бойынша нақты ақпараттар ала алғанын және куратордың іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға куәліктер тапсыруы олардың ынтасын көтеруге ықпал ететінін баяндады. 

 

Муканова Г.У.,

кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.