2017 жылдың қаңтар айының 16-27 аралығында «Өрлеу» БАҰО» Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында тренер Л.Ж.Ермекбаеваның жетекшілігімен география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәнін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу-әдістемелік негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курс мақсаты – критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдістемелік негіздерін жетік меңгерту және алған теориялық білімдерін практикалық білімдерімен ұштастыра отырып, өзіндік бағалау дағдыларын дамыту арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру. Курс барысында мұғалімдердің оқу жетістігін бағалаудағы білімін бағалау критерийлерін дайындауға арналған тақырыптар қарастырылды. Курс аясында Назарбаев Зияткерлік Мектебі базасында «География сабағында сыни ойлау арқылы оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану», №1 ОМ базасында «Оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістері» және  №33 ОМ базасында «География пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын сыни тұрғысынан ойлау арқылы дамыту» тақырыптарында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында тыңдаушылардың шығармашылық шеберлігін арттыруға негізделген бүгінгі күннің жаңартылған, шебер сынып, тренингтер, тәжірибе алмасу сабақтары арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мәселелері қарастырылды. Кері байланыс орнату мақсатында тыңдаушылар шағын сабақтар көрсетіп, жоба жұмыстарын қорғады. Курстың қорытындысында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталып, мұғалімдер институт ұжымына, курсты жоғары деңгейде ұйымдастырған тренерлерге өздерінің алғыстарын білдірді.

Ермекбаева Л.Ж.,

аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.