2017 жылдың 3 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мұғалімдермен бірге ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 31 қаңтар, 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жолдауына арналған дөңгелек үстел өтілді.

Дөңгелек үстелді институт директорының орынбасары Н.К.Қибатаева ашып биылғы жолдаудың стратегиялық басымдылықтарының білім беруді басқару саласындағы маңызы туралы айтып өтті. Дөңгелек үстелде төмендегідей мәселелер қарастырылды:

  • қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту;
  • оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау;
  • IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу;
  • үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу;
  • 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту;
  • «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру

 Қатысушылар биылғы жолдаудағы стратегиялық басымдылықтарды білім беру жүйесінде қалай басшылыққа ала отырып жүзеге асырудың жолдарын талқылады. Дөңгелек үстел қортындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Каплиева А.К.,

институтының кафедра меңгерушісі, п.ғ.қ., доцент

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.