«Өрлеу» БАҰО» жоспарына сәйкес 2017 жылдың 10-ші акпан күні Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасы Ақтөбе қаласының 80-нен астам мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатысуымен «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» атты қалалық семинар-практикумын өткізді.

Семинар-практикум мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәрбиешілерінің кәсіби біліктілігін арттыру.

Семинар-практикумнын алғы сөзі п.ғ.к., институт директоры орынбасары Кибатаева Н.Қ.берілді. Балалардың жеке қажеттіліктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, оларды ерте дамыту бойынша заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін сұрыптау, апробациялау және енгізудің құралдарын мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің қолданып үйрену маңыздылығы айтылды. Себебі тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі ұйымдарда беріледі.

Тәжірибелік бөлімінде «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі Жетесова Б.Ж., әдіскері Казкенова А.С. мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау мектепке дейінгі білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыру, педагогикалық қызметті құрылымдау, даму ортасын ұйымдастыруға көмектесуді қамтамасыз ететін, бала тұлғасын дамытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдану бойынша отандық және шетелдік ең үздік үлгілерді зерделеу тәжірибесімен бөлісті. «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері Тутасбаева Ж.С., Балтасова А.К., психологі Болатқызы Ү. жаңа жалпы білім беру үлгілік бағдарлама контексіндегі ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдау бойынша семинар қатысушыларымен тәжірибелік жұмыс ұйымдастырды.

Семинар-практикум қорытындысында рефлексия өткізіліп, ұсыныстар қабылданды. Белсенді қатысушылары алғыс хат, сертификаттармен марапатталды. Семинар-практикум өз мақсатына жетті.

Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш

білім кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.