Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларының арасында «Идеядан бастап іске асыруға дейін» ұранымен жобалау жұмыстары мен дизайнерлік макеттерінің «EXPO-2017» Республикалық Интернет-байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

 1. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ

1.1.Бұл Ереже техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқытушылары арасында «Ойдан іске асыру» ұранымен  «EXPO-2017» жобалау жұмыстары мен дизайнерлік макеттерінің Республикалық Интернет-байқауының мақсаттарын, міндеттерін, тәртібін және өткізу жағдайын реттейді. (әрі қарай - Байқау);

Байқау қатысушыларына талап;

Байқау жұмыстарын бағалау көрсеткіштері;

Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі;

Байқауды өткізу жағдайы және уақыты.

1.2 Бұл Интернет-байқауды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ТжКББ жүйесінің педагогтары мен өндірістік білім беру шеберлерінің кәсіби, жеке және шығармашылық әлеуетін қолдау және анықтауға жағдай жасау мақсатында өткізіледі.

1.3. Міндеттері:

  1. Байқау қатысушыларының дизайнерлік макеттерімен және инновациялық жоба жұмыстарымен, сонымен қатар олардың сәулет және дизайн саласындағы шығармашылық жетістіктерімен танысу. 
  2. ТжКББ жүйесі оқытушыларының дизайн және сәулет саласындағы жетістіктері мен шығармашылықтарына педагогикалық ұйымдардың назарын аудару.

2. Байқауға қатысу тәртібі және өткізілу мерзімі.

2.1. Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар тіркеме файлдар түрінде электронды поштаға жіберіледі:

2.2. Байқауға қатысу өтініші берілген қосымша бойынша (1 қосымша).

2.3. PowerPoint презентациясы (9 слайдтан аспау керек, әр слайдтың көлемі 50 Мб дейін) номинацияларды толық сипаттау, сонымен қатар автордың жұмыс кезеңдерінің фотосымен және қорытынды нәтижелерімен.

2.4. Байқау өтініші мен материалдарын  Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электрондық поштасына 2017 жылдың 20 наурызына дейін жіберуге болады.

2.5. Байқауға қатысуға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік білім беру шеберлері шақырылады.

2.6. Байқауға қатысушылардың жасы шектелмеген.

2.7. Байқауға байқау комиссиясының мүшелері қатыса алмайды.

3. Байқауды өткізу шарттары:

3.1. Байқауға авторлық орындаудағы жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданады.

3.2. Байқауға әр бағыт бойынша әр қатысушы 1 жұмыстан ғана тапсыруға құқылы.

3.3. Байқау жұмыстары 2017 жылдың 1 – 20 наурыз аралығында қабылданады. Ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 20 наурызынан кешігіп түскен, сонымен қатар талаптары дұрыс орындалмаған  Байқау материалдары қарастырылмайды. 

3.4. Үздік жұмыстар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қ. бойынша ПҚБ АИ (http://orleuastana.kz/) сайтының Web-витринасында pptx форматында жарияланады.

4. Байқауға жұмыстарды ұсыну тәртібі:

4.1. Байқауға авторлық орындаудағы жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданады.

4.2. Байқауға әр бағыт бойынша әр қатысушы 1 жұмыстан ғана тапсыруға құқылы.

4.3. Байқау жұмыстары 2017 жылдың 1 – 20 наурыз аралығында қабылданады. Ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 20 наурызынан кешігіп түскен, сонымен қатар талаптары дұрыс орындалмаған  Байқау материалдары қарастырылмайды. 

4.4. Үздік жұмыстар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қ. бойынша ПҚБ АИ (http://orleuastana.kz/) сайтының Web-витринасында pptx форматында жарияланады.

5. Байқау нәтижелерін қорытындылау

5.1. Байқау жеңімпаздарын байқау комиссиясы анықтайды. Ең көп қорытынды балл жинаған қатысушылардың жұмыстары үздік болып табылады.

5.2. Байқау комиссиясы сәулет, дизайн және бейнелеу өнері салаларының жетекші мамандарынан құрылады.

Байқау жұмысын бағалау көрсеткіштері:

- идеяның түпнұсқалылығы;

- байқау тақырыбына сәйкестігі;

- тақырыпты ашу, ұсынылған жұмыстардың инновациялылығы;

- көркемдік және композициялық шешімі;

- жұмыстың орындалу сапасы;

- безендендірудің эстетикалық жағы.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.