«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ біліктілікті арттыру курсы аясында Ақтөбе қаласының «Ертостік» мектепке дейінгі ұйым қатысуымен «Жаңа жалпы білім беру Типтік бағдарламасының контексінде ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдау» атты облыстық тәжірибелік семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Типтік бағдарлама талаптарын ескере отыру арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін құрылымдаудың  жаңа амалдарын меңгеруі.

Облыстық тәжірибелік семинар мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің балаларды дамытуға деген алуан түрлі интегративті амалдарды кең таңдау, педагогикалық үдерістерді жобалау, мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту үшін жаңа Типтік бағдарлама аясында тұтас педагогикалық үдерісті жобалау, жоспарлау және жүзеге асыру дағдыларын дамытуға бағытталған.

Рефлексия барысында қатысушылар семинардың қызықты және жоғары ғылыми-тәжірибелік деңгейде өткізілгенің айта келе өздерінің іс-тәжірибесінде қолданылуга болатын педагогикалық идеялармен бөлісті.

 

Кенжегалиева Д.К.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім

кафедрасының аға оқытушысы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.