2017 жылдың 14 ақпан айында Ақтөбе қаласының техникалық шығармашылық орталығы базасында технология, бейнелеу өнері және сызу пәндері мұғалімдеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар тақырыбы: «Технология, бейнелеу өнері және сызу сабағында инновациялық технологияларды қолдану».

Мақсаты: технология, бейнелеу өнері және сызу пәндері мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін арттыру.

Міндеттері:
- қазіргі заман мұғалімінің креативті құзыреттіліктерін қалыптастыру;
- педагогтардың кәсіби дамудағы қабілеттіліктері мен белсенділіктерін арттыру.

Семинар аясында қалалық техникалық шығармашылық орталығының педагогтары «Квиллинг техникасы» тақырыбында Г.К.Шемболова және «Қағаз моделдері» тақырыбында В.И.Петров шебер-кластары жоғары ғылыми – практикалық деңгейде өткізілді. Тыңдаушылар технология, бейнелеу өнері және сызу сабақтарында қолданылатын түрлі әдіс – тәсілдермен танысып, бағалы әдістемелік тәжірибе алмасты. Семинар қойылған мақсатына жетіп, қатысушы облыс және қала мұғалімдерінің жақсы пікірлері мен жоғары бағасына ие болды.

 

Бухарбаев Б.К.,

кафедрасының аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.