Қазақстандағы білім беру үдерісіндегі нәтижеге бағытталған білім сапасын өзгертудің өзекті мәселелерінің бірі – жаңартылған білім беру бағдарламасының енуі. Жаңа бастаманың тәжірибеге енуі аясында  2017-жылдың 17-ақпаны күні  №9 мектеп - гимназиясы  базасында  “Білім беру мазмұнын жаңарту аспектісінің  бірі – критериалды  бағалау» тақырыбында  облыстық  семинар-практикум өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – педагогтерге ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды енгізудің өзекті мәселелерін №9 пилоттық мектеп – гимназиясы мұғалімдерінің  іс-тәжірибесінде көрсету.

Семинарды мектеп-гимназиясының директоры С.С.Казбаева ашып, мектеп өмірінің тыныс-тіршілігі және жеткен жетістіктерімен таныстырып өтті. Семинардың теориялық бөлімінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу үдерісіне критериалды бағалау жүйесін енгізуді сүйемелдейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға баса назар аударылса, тәжірибелік бөлімі педагогтердің қысқа мерзімді жоспардың ерекшеліктерін ескере отырып жоспар жасау дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар жақын арада даму аймағын анықтай отырып, ынтымақтастықтағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы бір-біріне кәсіби қолдау көрсетуге және бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалауды тиімді ұйымдастыруға бағытталды. Сонымен қатар, қазақ тілі пәнінен М.И.Блялова “Cаяхат”, М.О.Еңсепова «Қазақстанның үлкен қалалары»,  Б.А.Мустафина «Наурыз мейрамы»  тақырыбында сабақтар өткізсе,  А.Т.Дузкеева “Әдебиет сабағындағы тіл қызметін арттыру стратегиялары” тақырыбында шебер-класс көрсетті.  О.Г.Свет, А.Д.Уразбаева, Н.Қ.Байманова «Оқу жетістігінің нәтижесі – критериалды бағалау» тақырыбында коучинг өткізді. Ж.И.Аралбаева НЗМ іс-тәжірибесі негізінде құрылған  «Қазақтың 100 әні» жобасының мақсатымен таныстырып, педагогтер караокемен «Атамекен» әнін шырқады. 

Семинар қорытындысы Ж.А.Таушанбаеваның «Нысана» рефлексиясын  жүргізумен, әдістемелік ұсыныстар қабылдаумен аяқталды.

Жапакова Г.К.,

кафедрасының аға оқытушысы, магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.