Ағымдағы жылда «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облыстық филиалында «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбындағы МДҰ психологтары мен логопедтеріне арналған біліктілік арттыру курсы өтті. Курс мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау, балалармен жұмыс жүргізудегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары психологтары қызметінің ақпараттық-білімдік, тұлғалық-психологиялық және кәсіби құзіреттілігін дамыту.

Курс аясында мектепке дейінгі ұйымдардардың психологтарының, логопедтерінің құзыреттелігін дамыту және іс-тәжірибемен алмасу мақсатында Ақтөбе қаласының № 11 «Ақбота» балабақшасында семинар ұйымдастырылды. Бала бақша педагогикалық ұжымы семинарға қатысушыларды психологтың, логопедтың жұмыс түрлерімен таныстырды.

Логопед А.Б.  Ұзақбаева  «Ата - аналармен  бірлескен жұмыстың жаңаша формалары» тақырыбында практикалық жұмыс формаларын (тіл дамыту жаттығулары, массаж және т.б.) көрсетіп, практикалық тренинг өткізді. Психолог Э.И. Байтерекова «Балалық шақ әлеміндегі кездесу»   шебер  – класс барысында кәсіби шеберлігімен бөлісті. 

Семинар соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасты, өткізілген рефлексия семинар мақсатына жеткенін дәлелдеді.

 

К.З. Сансызбаева,

кафедрасының аға оқытушысы,

психология ғылымдарының кандидаты

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.