«Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен Шалқар қалалық № 5 орта мектебі  базасында  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін дамытудағы тиімді тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға  жаратылыстану-математикалық бағыттағы 40 пән  мұғалімі  қатысты.

Семинардың мақсаты- жаңартылған білім беру  мазмұны жағдайында мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын арттыру, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және әдістемелік көмек ұсыну.

Семинар мазмұны оқытудағы инновациялық тәсілдерді қолдану, жүйелік-әдістемелік порталмен  жұмыс жасау, қалыптастырушы бағалауды қолдану мәселелерін қамтыды.

Семинар  барысында жаңартылған бағдарлама мазмұнының талаптарына сай тиімді сабақты жоспарлауда математика  пәні мұғалімі Сальменова Г.,  физика пәні мұғалімі Бегімбаева Ж.К.(Шалқар  №5 ОМ) өз тәжірибелерімен бөлісті. Көшетованың Г.Ж. (Шалқар  №5 ОМ)  «Рисуем в координатной плоскости» тақырыбында математика пәнінен әдістемелік жинағының  тұсаукесері өтті. Ауданның  математика пәні мұғалімдері  Есмағанбет К.З.(Шалқар  №1 МГ)  және Бисембаева А.Е.(Шалқар №6 ОМ)  «Жаңа формат-жаңа іске бастама» тақырыбында аудан мұғалімдерімен коучинг-сессия жүргізді. Семинарда мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберліктері мен шығармашылықтарын көрсете білді.

Семинар қорытындысы бойынша оқу және оқыту үрдісін дамыту перспективалары анықталып, білім беру мазмұнын жаңартуда алға қойған міндеттерді іске асыру стратегиялары белгіленді. Семинар соңында  жаңашылдық  тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге  алғыс хаттар табысталды.

Изтлеуова  А.А.,

деңгейлік  бағдарламалар  орталығының  тренері, 

техника ғылымдарының  магистрі

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.