Ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында облыс педагогтерінің кәсіби шығармашылығын арттыру, ынтымақтастық әріптестікті нығайту  мақсатымен  «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен «Сымбат»  жеке білім беру кешені  арасындағы қол қойылған ынтымақтастық  Меморандумы негізінде «Оқу мен оқытудағы инновациялық технологиялар» тақырыбымен  коучинг-мектеп жұмысы құрылып,   ақпан айының 22-сі күні Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке білім беру кешенінде 60-қа жуық  шығармашылықпен жұмыс жасайтын облыс педагогтері  арасында Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік»  Жолдауын жүзеге асыру аясында «Білім - экономикалық стратегия мен азаматтардың әлеуметтік жағдайының өсімі ретінде»    тақырыбымен семинар-коучинг өткізілді.     

ҚР Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартуды енгізу бойынша педагогикалық қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, педагогтердің шығармашылығымен бастамаларын ынталандыру мақсатына  бағытталған коучинг жұмысында  оқу мен оқытудағы инновациялық технологиялар, оқу-тәрбие үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау негізінде модельдеу, критериалды бағалау жүйесі, кіріктірілген,  диалогтық,  өз бетінше оқу, «CLIL» технологиясы,  сыни ойлауды дамыту, SMART-технологиялар, робототехника негіздері дамыту мәселелері қарастырлды. Коучингте жоспарланған барлық тәжірибелік сабақтар мен тренингтерді   Ақтөбе облысы бойынша біліктілік арттыру институтының  профессор-оқытушылар құрамымен сертификатталған  тренерлері жүргізеді.

Салтанатты ашылу рәсімін  «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы, Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры   Абишева Н.М ашып,  ҚР білім мазмұнын жаңарту аясында  нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде Ақтөбе облысы бойынша білім беру ұйымдарымен әріптестік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына, Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына, білім беру қызметтерінің сапасын арттыруда педагогтермен іс-тәжірибе алмасудың  ерекшелігіне  тоқталып өтті.  

«Сымбат» жеке білім беру кешенінің директоры, э.ғ.к. Тасыбаева Р.М. мектептің техникалық-материалдық базасына, әдістемелік қызмет жұмысына экскурсия жасады. Коучинг-сессияның модераторы  -  «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы» АО ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері, п.ғ.к. Давлеткалиева Е.С. Коучинг-семинар келесідей бағыттар бойынша: «Елестету негізінде сыни ойлауды дамыту», «Ауызша куәлар  негізінде сыни ойлауды дамыту», «Сыни ойлауды дамыту: салыстыру және синтез» қарастырылды.

Аталған сессиялар бойынша оқытудың тиімді әдістерін қолдана отырып, тұлғаның сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар, тәжірибелік сабақтар көрсетілді.   

Жоғары деңгейде өткізілген шара қорытындысында  әдістемелік ұсыныстар қабылданып, семинар алға қойған  мақсатына жетті.  Коучинг-мектеп жұмысы  жыл бойы белсенді жұмыс жасауға жоспарланған.

 

    Отарбаева Л.Л.,

инновациялық дамуды  әдістемелік қамтамасыз ету

 бөлімінің  жетекші маманы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.