2017 жылдың 21-ақпан күні Ақтөбе қаласы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы ғимаратында «Нұр Отан» партиясының хатшысы - Зауытбек Тұрысбековпен кездесу өтті. Кездесуге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессорлық-оқытушылық құрамы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих-өлкетану ғылымдарының ғалымдары, сондай-ақ, облыстағы білім беру ұйымдарының тарихшы мамандар қатысты.

Кездесу барысында Зауытбек Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру негізінде жүргізіліп жатқан біршама жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар отырыста «Дала даналары» тақырыбында деректі фильм көрсетіліп, «ұлттық мұра», «ұлттық құндылық», «ұлы дала ұлылары», «ұлттық мәдениет» сынды ұғымдарға тереңірек тоқталып, аталмыш құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып, жалғасатындығын түсіндірді.

Отырыс соңында білім беруді жаңарту және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бойынша Елбасы Жолдауында маңызды және ерекше еленгендігі туралы қатысушылармен өзара пікірлесулер жүргізіліп, жан-жақты ойлар айтылып, түйінді қорытындылар жасалды. 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.