2017 жылдың 22 ақпанында «Өрлеу» БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ «Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру» кафедрасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Сангилбаев Оспан Сейдуллаұлының қатысуымен «Білім беру жүйесіндегі психологиялық кеңес беру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университетінен тарих ғылымдарының кандидаты Төлепбергени Жанар Төлеубайқызы, педагогика ғылымдарының магистрлары Бекешова Гульмира Утеғалиқызы, Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы, Phd докторы Книсарина Малика Мақсатқызы және де облысымыздың білім беру жүйесіндегі психологтар, курс тыңдаушылары мен институтымыздың профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинардың мақсаты-білім беру жүйесіндегі психологиялық кеңес берудегі жаңа тенденциялармен және әдіс-тәсілдермен таныстыру.

Семинар  барысында «Топтық динамика» тренингін кафедраның аға оқытушысы, пс.ғ.к.  Қ.З. Сансызбаева, «Психологиялық кеңес беру қызметі» профессор О.С. Сангилбаев жүргізді. Семинарға қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберліктері мен шығармашылықтарын дамытуда психологиялық кеңес берудің әдіс-тәсілдерімен танысты.

Семинар қорытындысы бойынша «Ашық микрофон» өткізілді және ұсыныстар қабылданды.

 

Уразымбетова А.Б.,

кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.