2017 жылдың ақпан  айының 13-24 аралығында «Өрлеу БАҰО» АҚФ «Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ» «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында базалық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қосымша білім беру педагогтерінің ұйымдастырушылық және педагогикалық аспектілері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

23 ақпан күні курс аясында қосымша білім беру педагогтерінің құзыреттілігін дамыту және іс-тәжірибемен алмасу мақсатында Ақтөбе қаласының көркем сурет лицейінде «Тәжірибе күні»  ұйымдастырылды. Курс тыңдаушылары лицей оқушылары мен түлектерінің топтастырылған  жұмыстарының  көрме залын тамашалады.

Қосымша білім беру педагогтері  Г.Д.Биханова мен  Ю.С.Козлова  шығармашылық пәндер бойынша шебер-кластар өткізді және өздерінің тиімді әдіс-тәсілдері мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту технологияларын көрсетті, сонымен қатар тәжірибе күнінің практикалық маңыздылығын жоғары бағалады.

Тәжірибе күні шығармашылық пен мейірімділікке толы көңіл-күйде өтті, сонымен қатар, қатысушы облыс және қала педагогтерінің  жақсы пікірлері мен жоғары бағасына ие болды. 

Г.А.Сеткереева,

кафедра аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.