«Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бастамасымен облыс мектептерінде Smart – оқытуды еңгізу мақсатында «Білім беру сапасын көтерудегі Smart – оқытудың тиімділігі» тақырыбында 2014 жылдан бастап тәжірибелік – эксперименттік жұмыс басталған болатын.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс  білім беру ортасын құру, инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын дайындау және енгізу, педагогтердің ғылыми-зерттеушілік мәдениетін дамыту мен кәсіби құзыреттілігін арттыру міндеттерін шешуге бағытталынды.

Эксперимент жұмысы басында Ақтөбе қаласының № 10 ОМ, № 28 ОМ және № 23 ОМЛ эксперименттік алаң болып бекітілсе, жұмыс мазмұны мен көлемінің кеңеюіне байланысты аталған қатарға 6 білім беру ұйымдары (Ақтөбе қаласының №14 ОМ, №31 ОМ,  №42 ОМ,  Пригород ОМ және №40  МДҰ, Хромтау ауданы № 3 ОМ) қосылды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілген үш жыл ішінде ғылыми тұжырымдама дайындалды, жұмыс тобы мен зерттеушілік қызметтің жеке кестесі құрылды, жаңашыл педагогтарға институт қызметкерлері тарапынан әдістемелік көмек үнемі көрсетіліп отырды. 

Институт жоспары негізінде 2017 жылдың 23-ақпаны күні Ақтөбе қаласы № 23 ОМЛ базасында экспериментатор-мұғалімдерге арналып семинар өткізілді. 

Семинар экспериментатор мұғалімдердің іс-тәжірибесін эксперименттік жұмыстың қорытынды кезеңіне енгізу мақсатын қамтыды.

Шараға экспериментатор мұғалімдер, мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, институттың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Мектеп директоры Наримбетова Г.М. эксперименттік алаң жұмысының негізгі аспектілері мен нәтижелері жөнінде сөз қозғап, болашақта жасалынатын жұмыстарға да шолу жасап өтті. 

Семинар жұмысы барысында қамтылған мәселелер:

  • «Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың негізгі кезеңдеріндегі экспериментатор-мұғалімдердің қызметіне талдау»-Рахатова К.Ж., институттың инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Отарбаева Л.Л. («Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалынының  жетекші маманы), Абдиров Р.Т. (институт кафедрасының аға оқытушысы).
  • «Оқушылардың математика және информатика сабақтарындағы смарт құзыреттілігін көрсету»-№ 23 ОМЛ мұғалімдері Укибаева С.Т., Досмаганбетова Г.А., Шраева Г.К..
  • «Оқыту үдерісіндегі 3D принтерін қолдану тиімділігінің мүмкіндіктері» - Таурбаев Т.Р., № 23 ОМЛ информатика пәні мұғалімі Ақтөбе облысында  алғаш рет 3D принтерді оқу үдерісінде қолдану тәжірибесімен бөлісті.   

Семинар соңында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.К. Алмагамбетова  коучинг-сессия өткізіп, жалпы орта білім беретін мектептен  Smart-мектепке көшу мәселесін ортаға салды және институт қызметкерлері тарапынан эксперименттік алаңдарда өткізілетін жұмыстардың болашақтағы жоспары талданды.

Өткізілген шарадан жақсы әсер алған Сандыбаева А.М., Сақтапберген А.Т.  төмендегідей жедел шумақ шығарды: 

Смарттарды біздің елде көп дейді,

Бола берсін, бола берсін көп мейлі,

Смарт деген ақылды ғой, әдемі,

Ақылдылық бізге көптік етпейді.

 

 

Отарбаева Л.Л.,

«Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы 

инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің

жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.