«Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  филиалының кітапханасында  «Білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану  және сақтау» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға 55-тен астам қала және аудан кітапханашылары қатысты.

Семинар мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп кітапханаларының ақпараттық-білімділік ортасын құру, кәсіби деңгейін көтеру,кітапханалық-ақпараттық қызмет саласындағы кәсіби біліктілікті арттыруға ықпал ету.

Семинарда «Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы кітапханасының меңгерушісі  Н.Н Ермекова білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметінің бағыттары ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тұлғаның жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына жағдай жасау болып табылатынына тоқталды. Ақтөбе қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» - аға педагог-кітапханашысы Г.И.Уриспаева кітапхана жұмысында электронды каталогтарды ұйымдастыру, кітапхана қызметтерін жарнамалауда Интернет пен веб-сайттарды қолдану  арқылы ақпараттыққызмет көрсету саласындағы озық тәжірибелерімен таныстырды.Хромтау ауданы №6 гимназияның кітапхана меңгерушісі Ә.М.  Елеусізова  «Дәстүрлі кітапхана технологияларын жетілдіру және кітапхана процестерін автоматтандыру мәселелері»,«Әдістемелік шеберхана – тәжірибе алмасу және  жаңа білімге өрлеуге үйрету» тақырыбында кітапханашыларға тренингтер мен коучинг өткізді. Қобда орта мектебі кітапханасының меңгерушісі А.Ш. Баймұханова «Кітап қорын қалыптастыру. Оқулықтар қорымен жұмыс»бағытында практикалық жұмыс жүргізді. Ақтөбе қаласы № 10 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі В.Қ. Исмаганбетова өз тәжірибесінде кітапхана жұмыстарындағы қиындықтары және жетістіктерімен бөлісті. Бадамша агротехникалық  колледждің кітапханашысы Л.А. Полякова мен А.Ш.Баймұханова «Жетістікке жету ағашы» рефлексиясын жүргізді. Семинарға қатысушылар  пікірлері мен ұсыныстарын қалдырды. Институт кітапханасының  маманы Р.К. Назарбаева осы жылдың сәуір айында  өткізілетін «Кітапхана – ақпарат пен білім жаршысы“ тақырыбындағы онлайн конкурстың талаптарымен таныстырды. Семинар қорытындысы бойынша  “Кітапхана –ақпарат әлеміндегі жаңалықтар бастауы » атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, ұсыныстар қабылданып,қатысушыларға сертификат берумен аяқталды.

 

Назарбаева Р.К..,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.