2017 жылдың 10 сәуірінен бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында пән бойынша курстардың басталғандығы жөнінде хабарлайды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында»  «орыс тілі», «қазақ тілі», «география» және «дене тәрбиесі» бағдарламалары бойынша  тыңдаушылар саны – 202 құраса, соның ішінде 129 тыңдаушы  Мұғалжар, Алға, Мартук және Қобда аудан мұғалімдерін құрайды (63,8%).  

Дәрістерді АҚ «НЗМ» бекіткен оқу бағдарламалары мен оқу әдістемелік кешені негізінде дәріс берушілер, сертификатталған тренерлер: Токсанбаев А.М. - п.ғ.к., мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім кафедрасының меңгерушісі, Дуйсенбаев А.К. - п.ғ.к., доцент, жаңа технологиялар және жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Уразымбетова А.Б - ф.ғ.к., доцент, мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасының аға оқытушысы және кафедра аға оқытушылары, магистрлер - Андирова В.Т.,  Кенжегалиева Д.К., Сугурбаева А.С., Жапакова Г.К. өткізуде.

Бағдарламаның мақсаты – ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқу қызметінің критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайындағы педагогикалық дағдыларын жетілдіру.

Филиал тренерлерінің ғылыми және шығармашылық құрамының бағдарлама бойынша іске асыруға бағытталған мақсаттары:

  • мұғалімдерді  жаңартылған оқу бағдарламасының пән бойынша  құрылымымен, мазмұнымен, ретімен, мақсаттарымен, міндеттерімен таныстыру;
  • пән бойынша жаңартылған оқу жоспарына сәйкес мұғалімдерге педагогикалық тәсілдерін түсіндіру, қолдану  және оқу материалдарын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • пән бойынша жаңартылған оқу жоспарына сәйкес бағдарламаның тақырыбы бойынша мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін түсіну, пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясында пән бойынша жаңартылған бағдарламасын іске асыру үшін қажетті мұғалімдердің дағдыларын қалыптастыру.

Курс қатысушылары оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілген және институт біліктілікті арттыру курстарын табысты аяқтау үшін барлық қажетті жағдайлар жасаған. 

 

Камыспаева С.О.,

академиялық бөлімнің бас маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.