Қазіргі уақытта  мектеп жасына дейінгі балаларға  тәрбие мен білім беруде  арт-терапия әдісін қолданудың тиімділігі өте зор. Осыған орай  6 маусым 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО»  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласындағы №21 « Кәусар бұлақ» МДГ  базасында «Тәжірибе күні» ұйымдастырылды.  Гимназия тәрбиешілері  Р.Ахметова , АРТ терапияны дене тәрбиесінде  қолданудың  - тиімді əдістерімен бөлісіп, бала денсаулығын нығайтуға, көңіл-күйінің жақсаруына  әсері зор екенін түрлі ойын-жаттығулар арқылы көрсетсе,   Ж.Ж.Жолдасбаева  мектепке дейінгі жастағы балалардың  сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар және қимылмен үйлестірілген өлең жолдары  балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетінін жеткізе білді. Тәрбиеші Р.А.Кулмурзина балабақшадағы  балалардың тілін дамыту үшін мнемотехника әдісін пайдаланудың тиімділігі мен оны пайдалану жолдарын көрсетіп,  балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, көру, есте сақтау қабілеттерін  нығайтатындығына тоқталды.   Тәжірибе күнінде қолданылған әдіс-тәсілдер педагогтардың білімін тереңдетуге ықпалы мол екенін айтып, өзара тәжірибе алмасты.

 

Култаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.