«Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2017 жылы 8 маусымда аталған колледж базасында  «Экономикалық индустриялық-инновациялық даму жағдайында кәсіптік техникалық білім мазмұнын жаңғырту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, ф.ғ.к., Нургуль Абишеваның және  Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінің директоры т.ғ.к. Женискуль Мухамбетпаизованың алғы сөзімен семинар жұмысы ашылды.

Өз сөздерінде басшылар жаңартылған білім мазмұнын енгізу идеялары бойынша ТжКБ ұйымдары оқытушыларының инновациялық тәжірибе көрсету және өзара алмасуға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жаңа форматтағы мамандарды даярлау мәселелерінде ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Семинарға колледж директорларының орынбасарлары, әдіскерлер, «Өрлеу» БАОҰ» АҚ филиалының өкілдері, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Жұмыс барысында қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртуға байланысты мәселелерді белсенді талқылады. Институттың «Инновациялық  дамуды  әдістемелік  қамтамасыз  ету»  бөлімінің жетекші маманы Бакытбек Утаров «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлем кеңістігінде ықпалдастыру сұраныстарына сәйкес  жаңғырту» тақырыбындағы баяндамасында жаңартылған білім беру мазмұныны жағдайындағы ТжКБ жүйесі құрылымдардың негізгі басымдықтарын анықтап айтып өтті.

Сондай-ақ өздерінің тың ойларымен колледждердің алдыңғы қатарлы оқытушылары да тәжірибелерімен бөлісті: Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінің «Жол және жол шаруашылығы» бірлестігінің жетекшісі, арнайы пән оқытушысы Б.А.Машимбаева «Дуальді оқытудын-жаңа инновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгерудің дайын жұмысшы мамандарды даярлаудағы рөлі» баяндамасымен, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің өндірістік оқыту шебері А.Ж.Кожахметова ««Токарь» мамандығы бойынша біліктілікті жоғары мамандарды дайындауда өндірістік оқыту шеберінің рөлі» және т.б.. Олар  өз баяндамаларында ТжКБ мамандарының үздіксіз кәсіби даму мәселелерін шешудің тәжірибесі  мен жолдарын ұсынды. Ақтөбе политехникалық колледжінің ЦӘБ төрағасы, арнайы пән оқытушысы Дархан Шаңбаевтың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жаңа форматтағы маман даярлауда инновациялық технологияларды пайдалану  бойынша тәжірибесі қатысушылардың ерекше қызығушылықтарын туғызды.

Семинар соңында қатысушылар осы іс-шараның маңыздылығын атап өтіп,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен ТжКБ ұйымдары бірге одан әрі кәсіби қарым-катынастарын жалғастыруына ниет білдірді. Семинар қатысушыларына сертификаттар  табыс  етілді.

 

Утаров Бакытбек,

«Инновациялық  дамуды  әдістемелік  қамтамасыз  ету»  бөлімінің жетекші маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.