«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша  ПҚ БА институтының жоспарына сай 9 маусым 2017 жылы «Тәрбиелеу мен оқытудың сапалық нәтижесін бағалаудағы квалиметриялық құрал»  тақырыбындағы облыстық  ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің сапасын арттыру, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін көтеру.

          Семинардың ашылуында   кафедраның аға оқытушысы Л.А. Култаева  қазіргі уақытта мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің сапалық нәтижесін бағалаудағы  ең тиімді құралы  – квалиметриялық құрал болып отығаны жөнінде айтып өтті.

         Семинар жұмысына белсене қатысқан  Ақтөбе облысының кәмелетке толмаған балаларды оңалту орталығы тәрбиешісі - А.С.Осерова;  Ақтөбе қ. №55 ОМ  шағын орталық тәрбиешісі - А.Б.Әмитжан;  №4 «Көктем» МДҰ тәрбиешісі - Т.В.Спанова; Ойыл ауданы «Асанәлі» МДҰ тәрбиешісі - А.Н.Бактыгалиева және т.б. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.   

Семинар жұмысының соңында, барлық қатысушылар ғылыми-тәжірибелік деңгейде ұйымдастырылған семинарға алғыстарын білдірді. 

Култаева Л.А.

Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру

кафедрасының аға оқытушысы 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.