2017 жылы 15 маусымда  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ 5 жылдығына орай «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институтында алғашқы педагогикалық мұражайының ашылу салтанаты өтті.

Алғашқы педагогикалық мұражайдың ашылу мерекесіне еңбек ардагерлері, Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің өкілі, иституттың бұрынғы басшылары, облыстық білім басқармасының, кәсіподақ ұйымының өкілдері, облыстық ардагерлер қауымдастығының өкілдері, тілдер департаментінің директоры, институт қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысты.

Мұражайдың ашылу құрметі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын Ақтөбе институтының бұрынғы басшылары Балябина Мария Харлампьевна мен тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Абдуллаев Нуртаза Акишановичке берілді.

         Қонақтардың назарына  мұражайдағы «БАИ қызметінің тарихы», «Институт тарихының беттерінен», «Оқыту мен тәрбиенің кірігуі», «Педагогикалық тәжірибелер панорамасы», «Ғылыми зерттеулер тарихы», «Институт мақтанышы», «Өрлеу»: самғау тарихы» секілді экспозиция бағыттары ұсынылды.

         Институт директоры Абишева Нургуль Молдабаевна педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қалыптасу тарихына қосқан зор үлесі үшін ардагерлерге алғыс айтты. Еңбек ардагерлері де өз кезегінде алғыстарын айтып, институт өмірінің әр жылдарынан қызықты сәттерді естеріне түсірді, мұражайға өткеннен естелік болар қолжазбалар, фотосуреттер мен кітаптарды сыйға тартты.

          Қорытындысында қонақтарға «Мерейтой қарсаңында» бейнефильмінің тұсаукесері көрсетілді.

«Өрлеу» педагогикалық мұражайы тарихи сабақтар өтетін, тыңдаушыларға саяхат жүргізетін алғашқы орын болды. Мұражай естеліктермен толықтырылып, одан әрі дәстүр бойынша жұмысын жалғастырады. 3D TUR ORLEU


Ж.К.Матсалаева,

баспа қызметі және қоғамдық

ортамен байланыс бөлімінің жетекші маманы

           

 

 

 

 

 

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.