Мектепке дейінгі білім бала тұлғасын дамытуда инновациалық әдістер мен технологияларды қолдану  қажеттілігін қарастырады.    Осыған орай  14 маусым 2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Ақтөбе облысы бойынша  ПҚБА институтының біліктілікті арттыру  курс тыңдаушыларына  Ақтөбе қаласындағы №48 «Нұрай» МДҰ  базасында «Тәжірибе күні» ұйымдастырылды.  МДҰ меңгерушісі  Н.И.Балмагамбетова  балаларды дамытуға бағытталған алуан түрлі интерактивті амалдарды кеңінен қолданатындықтарын атап айтты. Заманауи үлгідегі  ұйымдастырылған  сабақтарда  тәрбиешілер  И.Е.Танирбергенова  ертегі  желісіне сәйкес үйлесімді қимыл мен  әңгімелеу жолдарын көрсетсе, Ф.Б.Орынбасарова кіші жастағы балалармен М.Монтессори әдісін тәжірибеде қолданудың тиімділігімен бөлісті. А.М.Сапарова  мүсіндеу арқылы шығармашылықты ерте дамыту әдістерін ұсынды.. МДҰ әдіскері М.Б. Аппазова  мектепке дейінгі ұйымда білім берудің үрдісін ұйымдастыру жолдарымен таныстырды.

        Тәжірибе күнінде қолданылған әдіс-тәсілдер педагогтардың білімін тереңдетуге ықпалы мол екенін айтып, алғыстарын білдірді.

 

                                            Култаева Л.А.,

мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш

білім беру кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.