Қазақстанда 2015 жылдан бастап орта білім мазмұнын жаңарту үрдісі басталды.

2017 жылдың 20 маусымында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалында жаңартылған білім беру біліктілікті арттыру курсының аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Жаңартылған білім беру аясында орыс тілін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Алғы сөзді аталған іс-шараның мақсаты мен бағдарламасымен таныстыру үшін курс тренері К.З. Сансызбаева алды. Алға қаласының №3қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Ж. Джаукен  «Ассоциациялар» психологиялық тренингін өткізді.

Ақтөбе қаласының №11 орта мектеп –гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Коптлеуова Р.С. «Жаңартылған білім беру аясында орыс тіліне оқыту» тақырыбында баяндама жасады. Никельтау орта мектебінің ұстазы О.Б. Абдрахманова «Бастауыш сыныптың орыс тілі сабағында критериалды бағалауды қолдану» шебер-класын көрсетті.

Ақтөбе қаласының №45 орта мектебінің мұғалімдері Ш.Т. Нурмаганбетова мен А.М. Табулдинова өткізген тренинг «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған білім бағадарламасының құрылымын, мазмұнын, мақсатын, міндеттерін талдап, орта білім беру жүйесіне жаңашылдық енгізудің маңыздылығы туралы пікір алмасуға мүмкіндік берді.    

Дөңгелек үстел соңындағы рефлексияда педагогтер орыс тілі мен әдебиетті оқытуда инновациялық процестерді енгізудің өзектілігін атап өтті.  

 

Сансызбаева К.З.,

мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-

педагогикалық жетілдіру кафедрасының аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.