«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ педагогикалық мұражайында көп жылдар бойы дарынды балалармен жұмыс бөлімін басқарған, «Дарын» облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының іргетасын қалаған   ардагер-ұстаз Исмурзина Найман Адайқызының келуіне орай курс тыңдаушыларымен кездесу өткізілді.  Шараны институт директоры Н.М. Абишева ашып, мұражайдағы  деректердің  құндылығына тоқталды. Одан әрі  кездесуді  институт қызметкері Н.Н. Ермекова   мұражайдағы  әр түрлі экспозиция бағыттарына мол мағлұмат беріп,  мәдени жәдігерлердің тарихымен таныстырды    және «Мерейтой қарсаңында» бейнефильмінің көрсетілуімен жалғастырды. 2000 жылдары біліктілікті арттыру институты жанынан құрылған «Дарын» орталығы бөлімінің  тәжірибелі тәлімгері, көп жылдар бойы педагогика саласына еңбегі сіңген қайраткер Найман Адайқызы іскерлік тәжірибенің кейбір кезеңдеріне тоқталды, мұражай қоры алдағы уақытта құнды жәдігерлермен  толықса деген жүрекжарды тілегін білдіріп, ұрпақты ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелейтін ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тіледі.

Кездесу  соңында тарих пәні мұғалімдері ұлағатты ұстаздың іскерлік тәжірибеде үлгі болар істеріне алғыстарын білдірді.

 

Р.К. Назарбаева,

кітапхана маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.