«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру мазмұның жаңарту курстары аясында «Формирование коммуникативной компетентности младших школьников на уроках русского языка» атты облыстық шығармашылық диалог-панорамасын өткізді.

Диалог-панораманын мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері бойынша орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамыту.

Қатысушылардың пікірі бойынша коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырып, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Рефлексия барысында қатысушылар диалог-панораманын қызықты және жоғары ғылыми-тәжірибелік деңгейде өткізілгенің айта келе өздерінің іс-тәжірибесінде қолданылуга болатын педагогикалық идеялармен бөлісті.

 

Кенжегалиева Д.К.,

«Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» пәндері бойынша

жаңартылған бағдарлама тренері

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.